Ақтөбеде 4 адам суға кете жаздады
Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға Ақтөбе қаласындағы "Тропикана" жағажай демалыс базасы ауданында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе қаласындағы "Тропикана" жағажай демалыс базасында, Елек өзенінде су көлігі - катамаранды ағыс алып кеткені туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Катамаранда 3 адам болған.
"Жедел құтқару жасағының құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар катамаранды кері алып келе жатқанда өзеннің арғы бетінен бергі бетке бір адамның жүзіп келе жатқанын байқап, 25 жастағы ер адамды да құтқарып қалды". Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы ТЖД жүзу шекаралары белгіленген қалқымалардан тыс жүзуге болмайтынын, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түсуге болмайтынын ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript