Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда жарық қайта-қайта өшіп қалып жатыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 19:48 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
10 шілдеде Атырау қаласында кейбір ықшам аудандар жарықсыз қалғаны белгілі болды. Интернетте де ақаулар байқалады. "Атырау Жарық" АҚ қазіргі уақытта электр жарығының өшуі қайталанбасы үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Батыс аймақтық электр станцияларындағы генерацияланатын қуаттың жетіспеушілігіне және 220 кВ Орал-Атырау транзиттік желісіндегі қуаттың көбеюіне байланысты транзиттік желілердегі шекті режим кезінде ЖӨАА (жүктемені өшіру арнайы автоматикасы) апатқа қарсы автоматикасы электр энергиясын өшіру жолымен іске қосылады. Аталған автоматика бір немесе бірнеше қамту желілерін өшіру сияқты апаттық келеңсіздер кезінде жүктеме түйінінің тұрақтылығын сақтау міндетін атқарады. Қазіргі уақытта электр жарығының өшуі қайталанбасы үшін шаралар қабылданып жатыр". "Атырау Жарық" АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы мекеме қалалықтардан қалыптасқан жағдайларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетсек, 3 шілдеде Атыраудың тең жартысы жарықсыз қалған болатын. 3 шілдеде сағат 18:25-те "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС территориясында сыртқы желілердің кесірінен электр энергиясы қуатының күрт төмендеуі орын алды. "АМӨЗ" ЖШС ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысынан басқа зауыттағы технологиялық қондырғылар апатты түрде жұмысын тоқтатқанын хабарлады. МАЭК-те де апатты жағдай орын алғаны хабарланды. Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарының электр станциялары оқшау режимдегі жұмысқа көшті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: