Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізінің қаншалықты таязданғаны ғарыштан көрсетілді

Каспий теңізінің қаншалықты таязданғаны ғарыштан көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 16:35 Сурет: Instagram/azamat_sarsenbayev
"Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясыә АҚ белсенді түрде таязданып бара жатқан Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрағаттағы ғарыштық зерттеу деректері бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі ашылған.

"Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметі бойынша кейінгі 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстан секторының акваториясы айтарлықтай, 7,1% қысқарды"."Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар ұлттық компания ҚР шекарасында 2008-2023 жылдар аралығында Каспий су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасын көрсетті.

"Атырау маңындағы бөлігінде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің үлкен көлемдегі жерлері таязданғаны байқалады"."Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық компанияның мәліметі бойынша, 2008 жылы Каспий теңізінің Қазақстан секторының су бетінің ауданы 113 866,67 шаршы метр болған. 2023 жылы – 105 745,23 шаршы метр болды.

"15 жыл ішінде түрлі уақытта ғарыштан түсірілген суреттерді талдау су айнасының ауданы төмендегенін анықтады. Бірақ теңіз деңгейі де төмендеуі мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі экожүйеге де, теңіз экономикасына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін"."Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Қашықтан зондтау мәліметтері бойынша, Каспий теңізінің ең осал жері - Атырау қаласына жақын жердегі Қазақстан бөлігі.

Маусым айының соңында ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 2015 жылдан бері Каспий теңізінің қаншалықты таяз болып кеткені көрсетілген видеосын жариялады.

2023 жылдың қаңтарында Экология министрлігі Каспий теңізінің тайыздануына қатысты түсініктеме беріп, бұл процесс ең әуелі климаттың өзгеруімен байланысты екенін айтқан еді. Олардың айтуынша, 2006-2020 жылдары Каспий теңізінде жауын-шашын ең аз болып, булану процестері қарқынды болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: