Көкшетау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардың жануын сөндіруге 100 адам жұмылды

Көкшетау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардың жануы сөндірілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 09:47 Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Көкшетауда 12 шілдеде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, "Көкшетау-Омбы" автожолында қатты тұрмыстық қалдық полигонында 100-ден астам адам қоқыстың жануын сөндіруде.

Алдын ала өрт алаңы 3 га құрайды.

"Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдарының жеке құрамның 90 адамы және 7 бірлік техникасы және ЖАО-ның 25 адамы мен 17 бірлік техникасы жұмылдырылды." Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта өрт жойылған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: