Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 60 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінген әйел іздестіріліп жатыр

Шымкент, алаяқтық, Шымкент қаласының полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 12:32 Сурет: polisia.kz
Шымкент полицейлері бес азаматты 60 миллион теңге алаяқтықпен алдады деп күдікке ілінген Азиза Мыңбаеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 1963 жылы туған Азиза Мыңбаева ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша күдікке ілінді.

"Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген", – дейді шымкенттік полицейлер.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Шымкент, алаяқтық, Шымкент қаласының полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 12:32

Сурет: polisia.kz

Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды "102" арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлауды сұраймыз (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: