"Ертіс орманы" резерватындағы өрт оқшауланды

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 15:00 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Шарбақты ауданына қарасты "Ертіс орманы" резерватындағы өрт бүгін, 16 шіледе сағат 14.14-те оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша отқа оранған аумақ ауданы 850 гектарды құрайды.


Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


Өңірде құрғақ шөптің өртенгені туралы 14 шілдеде белгілі болды.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрі, облыс әкімі және төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнына ұшып барды.

Өрттің Ресей Федерациясының территориясына өту қаупі бары да хабарланған.

"Ертіс орманы" резерватындағы өртті сөндіруге үш өңірден көмек күші тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: