Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайда жағадан алшақтап кеткен, бір отбасы мүшелері бар катараманға су тола бастаған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 16:45 Сурет: pexels
2023 жылы 15 шілдеде сағат 17.50-де профилактикалық патрульдеу кезінде Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 2 ересек пен 6 баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар катамаранмен су айдынына шығып, жағадан бір шақырымдай қашықтыққа алыстап кеткен соң өз бетінше кері орала алмаған. 

Құтқарушылар уақытында адамдары бар катамаранды байқап, дереу оқиға орнына барды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар катамаранның суға толғаны және адамдары үрейленгенін анықтады.


"Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында құтқару шаралары жүргізілді. Екі жүзу құралының және төрт құтқарушының күшімен 8 адам құтқарылды, олар 1988 және 1989 жылы туған екі ересек адам, сондай-ақ,  2010 жылы туған 2 бала және 2011, 2012, 2013, 2015 жылдары туған балалар. Бүкіл отбасы жағаға жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: