Қостанай облысында құны 9 млн теңгеден асатын есірткі партиясы тәркіленді

Қостанай облысы, марихуана, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 20:41 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қостанай облысының полицейлері 58 келіден асатын марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, облыс аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстады.

"Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Оны тарату үшін шағын орама жасап отырған.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды".Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов

Сондай-ақ ол ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: