Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да облыстық JAIYQ JASTARY фестивалі өтпек

БҚО-да облыстық JAIYQ JASTARY фестивалі өтпек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 11:50 Сурет: assembly.kz
11-12 тамыз күндері Орал қаласында өтетін фестивальге 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев мәлім етті.

13 аталым бойынша өтетін фестиваль командалық сайыс түрінде ұйымдастырылмақ. Фестиваль облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық, қалалық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары, "AMANAT" партиясының жанындағы "Жастар рухы" ЖҚ БҚОФ, "Шабыт" шығармашылық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Жастар фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша фестивальде қатысушылар Тоғызқұмалақ, Үстел тенисі, Қазақ күресі, Үздік ақын, Эстрадалық ән, Хореография, Сурет салу, Дәстүрлі ән тағы басқа аталымдар бойынша бақ сынайтын болады.

Батыс Қазақстан облысында быил алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге облыс бойынша 5 мыңға жуық жастар өтініш білдірген. Фестиваль талаптарына сәйкес қала және аудан, ауыл көлемінде іріктеу алдағы 10 күн бойы жүргізіледі. Ақтық сынға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 13 команда (Орал қаласы және аудан жастарынан құралған) жастары жолдама алады.

Фестивальде өңір жастары арасында ұлттық құндылықтар дәріптеледі. Атап айтсақ спорт бойынша: "Қазақ күресі", "Тоғызқұмалақ", "Садақ атудан" сайыс, өнер бағытында: "Ұлттық би", "Дәстүрлі ән", "Үздік ақын", "Үздік аспапта орындау шебері" аталымында сайыс өтеді. "Үздік дәстүрлі ән" аталымында қатысушы домбырамен Батыс өңірінің композиторларынан ән немесе терме орындауы тиіс. "Үздік ақын" аталымында қатысушы Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік жылдарындағы жастарының жеткен жетістіктерін жырға арқау етуі тиіс, "Үздік суретші" аталымында жастар шаһардың көрікті келбетін қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, облыс тұрғындары мен қонақтарына арналған сурет көрмесін ұйымдастырады.

Жекелей, топтық бағыттар бойынша және жалпыкомандалық есепте жүлдегер атанған жастарға демеушілердің қолдауымен тағайындалған қаржылай сыйақы беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: