Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үш пациент АИТВ жұқтырды: тексеру аяқталды

Алматыда үш пациент АИТВ жұқтырды: тексеру аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 16:33 Сурет: pixabay
ОКҚА-дағы жағдайды оқшаулау жөніндегі іс-шаралар кешені пациенттердің АИТВ-инфекциясына уақтылы тестілеу және кәсіби регламенттерді сақтау арқылы жүргізілді.

Алматыда денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері, Алматы қаласы комитеттерінің аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен үш пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында 745 адам тексерілді, олардың ішінде 118 қан доноры және оның компоненттері, 231 медицина қызметкері, 396 пациент бірлесіп стационарлық ем қабылдаған немесе осы бағыт бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген. Барлық талдаулардың нәтижелері - теріс.

"Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша комиссия мүшелері ОКҚА үш пациентінің жұқтыру фактісі, ең әуелі адами фактормен, атап айтқанда, орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің инвазивті манипуляциялар жүргізу кезінде операциялық рәсімдер стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылаудың болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жүйелі бұзушылықтары анықталған жоқ. 2023 жылдың 6 айында қала стационарларында 147736 адам медициналық көмек алды, оның ішінде реанимациялық көмек – 14650 пациент, медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің жұқтыру фактілері анықталған жоқ", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Қазір АИТВ-инфекциясы анықталған барлық үш пациент ЖИТС орталығына диспансерлік есепке қойылды. Емдеудің жеке схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді. Оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, комиссия қорытындылары негізінде басқарма шешім қабылдады:

  • ҚР Еңбек кодексінің 48 - бабы 2-тармағының 6) тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н. Б. Табынбаев жұмыстан шеттетілді;
  • ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16) тармақшасының негізінде эпидемиология бойынша бас дәрігер орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептерімен жұмыстан шығарылды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау және әрбір жауапты тұлғаның жауапкершілік шарасын одан әрі айқындау үшін қалалық Полиция департаментіне жіберілді.

Еске сала кетейік, жыл сайын қалалық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ға 450 мыңға жуық зерттеу жүргізеді. Осылайша, шамамен 15-20% немесе мегаполис халқының бестен бір бөлігі жергілікті қызметтердің жіті бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: