Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өрті кезінде балаларды қағып алған кілемнің тарихы белгілі болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 21:59 Сурет: Zakon.kz
Өрт енді басталғанда ақкенттік жігіттер Ерік Төкенұлы мен Дәулетқали Нұрлан төрт досымен сол маңда сыртта тұрған. Олар өрт сөндірушілер келгенге дейін, одан кейін де құтқару жұмысына басынан аяғына дейін қатысыпты. Кілемді тауып әкеліп жүрген де солар екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Есік алдында төрт досыммен тұрған едік. Ақырындап алдымен түтін шыға бастады. Ешкім жоқ ол кезде. Алдымен бірнеше баланы, хиджаптағы қызды алып шықтым. Одан кейін түтін қоюланып кетті. Жоғары қабаттан жаймаларды бір-біріне байлап, тағы бір баланы түсірдім. Төменде жігіттер оны қағып алды. 15-20 минутта 4 рет осылай көтеріліп шықтым. Одан кейін бізді ғимаратқа жолатпай қойды. Арнайы рұқсат жоқ, бетперде жоқ деп".  Дәулетқали Нұрланұлы

Дәулетқали осы кезде бірінші қабаттағы пәтердің бірінің терезесінен кілем, матрасты көргенін айтады.

"Терезені шақтық та оларды алып шықтық. Олармен кем дегенде 7-8 адамды тосып алдық", - дейді. 

Ал Ерік Төкенұлы есінен танып қалған үлкен кісіге жасанды жолмен дем беріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткенін айтады.

"Бір кезде есін жинады, жедел жәрдем көлігіне салып жібердік. Бір әйел 6-қабаттан екі баласын лақтырды. Матраспен тосып алдық. Одан кейін өзі және әпкесі секірді. Сол кезде өзі есінен танып қалды. Оған да дем беріп, есін жидырдық". Ерік Төкенұлы

Оның айтуынша, зардап шеккендер арасында қолы, жамбасы сынғандар бар көрінеді.

От күшейгенде ерікті жандар 16-қабатқа кранмен көтерілген екен

"Ол осы маңдағы құрылыс компаниясына тиесілі екен. Соларға және осы арадағы "Әсия" дүкенінің қожайынына алғыс айтамыз. Дүкен иесі су, сүт, айранның барлығын тегін таратты". Дәулетқали Нұрланұлы


1 тамызда Алматыда Ақкент ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Бас сауғалаған адамдар терезеден секірді. Өрт орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды. 300 адам эвакуацияланып, 70-ке жуық адам құтқарылды.

Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.

Ауруханаларға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы - балалар. Қаза тапқандар жоқ.

Бірқатар шетелдік жаңалық қызметтері Алматы болған өрт туралы ақпарат беріп, оқиға орнынан түсірілген видеоны көрсетті. Видеода жоғарыдан лақтырған балаларды төмендегі топ адамның кілеммен қағып алғаны көрсетілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: