Алматы облысында отпен ойнаған бала көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын дүрліктірді

Көпқабатты үй, өрт, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 20:22 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, салдарынан пәтер мен подъезд қатты түтіндеді. Өртке себеп - баланың отпен ойнауы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 жылғы қызды эвакуациялады. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 1 тамызда Алматыда "Ақкент" ықшам ауданындағы 16-қабатты тұрғын үйден өрт шығып, адамдар терезеден секіруге мәжбүр болған. Оқыс оқиға салдарынан 32 адам ауруханаға түсті, бір әйел адам қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: