Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адам мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адам тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметі жазатайым оқиға 11 тамызда орын алғанын нақтылайды.
"Ер адамның мерт болғандығы туралы Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған. Жедел тергеу тобы анықтағандай, 1988 жылғы ер адамға су сорғыны жөндеу кезінде тоқ соққан". Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Аталған дерекке байланысты сараптама тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript