Қостанайда үш айлық бала жан түршігерлік жол апатының құрбаны болды

Қостанайда үш айлық бала жан түршігерлік жол апатының құрбаны болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 13:55 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда 17 тамызға қараған түні ауыр оқыс оқиға болды. Оқиға салдарынан үш айлық бала көз жұмды, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайдың Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, адам өліміне әкелген оқиға шамамен сағат 0:05-те Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ-21099 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі көше бойымен келе жатып, солға бұрылғанда қарсы келе жатқан 24 жастағы жүргізуші мінген Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

Салдарынан Toyota көлігі де 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Фольксваген Гольф көлігімен соқтығысқан.

Toyota Camry көлігінде болған үш айлық бала алған жарақаттынан шетінеді. Ал Тойота жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Фольксваген жүргізушісі мен жолаушысы да ауруханаға жатқызылды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ВАЗ жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Қордай асуында болған апаттан екі айлық сәби қайтыс болған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: