Дәрігерлер жүрегінде пышақ жарақаты бар адамды құтқарып қалды
Шұғыл жағдайларда хирургтар әрдайым өте үлкен қиындықпен, белгісіздікпен бетпе-бет келеді. Әсіресе кеуде қуысы мен іш қуысының жарақатына қатысты. Заманауи технология, білікті дәрігерлер және кейінгі талапқа сай жабдықталған реанимация бөлімшесі болған күнде де жүрегі жараланған пациентті құтқарып қалу өте қиын.
Дәрігерлер жас жігітті қабылдап алып, көп қан кеткенін, пышақ жарақатын анықтады. Пышақ сыртқы қабыққа, жүректің сол жақ қарыншасына, сонымен қата сол жақ өкпенің тамырына тиген. Бірнеше минутта пациент операция үстеліне жатқызылды. Операция 1 сағат 20 минутқа созылды. Онда торакотомия, яғни жүректің сол жақ қарыншасының жарасына қол жеткізуге және тігуге мүмкіндік беретін кеуде қуысы ашылды. Мұндай жарақаттың күрделілігі мынада: операция және жараны тігу жүректің соғуын тоқтатпай жұмыс істейтін жүрекке жасалады.
Дәрігерлер жарақатты тігіп, қан кету қаупін жойды, гемодинамика қалпына келді. Хирургтар Қайрат Әжібеков, Ержан Досалиев және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Дәурен Әбдіров жасаған операция сәтті өтті. Пациенттің өміріне төнген қауіп жойылды. Жағдай тұрақталды.
Жоғары санатты хирург дәрігер, аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әжібеков пациент туралы "Көрер күні бар екен" деді. Оның айтуынша, көбіне жүрек пен өкпенің мұндай жарақатынан адам өліп кетеді. Қиындық орындау жылдамдығына қатысты. Мұндайда хирургтар тобының, анестезиолог-реаниматологтардың, операциялық мейіргерлердің тез және үйлесімді жұмысы қажет.
"Бұл жағдайда пациент уақыт факторын сақтап қалды. Барлық дәрігер уақытылы жедел емдеді. Мұның бәрі үшінші түннің жартысында болды. Ол шамамен 5-7 минуттан кейін қабылдау бөлмесіне жеткізілді және дереу операциялық үстелге алынды. Менің хирургиядағы 36 жылдық жұмысымда осындай жағдайлар бұрын да болды", - деді дәрігер Қайрат Әжібеков.