Алматы әуежайындағы кептеліс мәселесі қашан шешіледі
Сурет: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тунга Ерсой әуежай маңындағы көлік кептелісі мен көлік тұрағы мәселесін түпкілікті қашан шешетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы халықаралық әуежайы президентінің айтуынша, ол мәселенің себебін біледі. Кептеліс қолданып жүрген терминалдың өткізу қабілетінің төмендігіне байланысты.
"Қазіргі терминалдың сыйымдылығы өте аз болғандықтан біз тұрақ аймағындағы үлкен кептеліске тап болып отырмыз. Пандусты 29 тамызда ресми түрде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл қозғалысты екі бөлуге мүмкіндік береді. Бірінші қабат екі деңгейге бөлінгендіктен төменгі қабатта кептеліс азаяды", - деді Альп Ер Тунга Ерсой.
Әуежай басшысының айтуынша, пандусқа шығу халықаралық және ішкі рейстерге де қолжетімді болады. Сонымен қатар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қосымша автотұрақ жасалады.
"Осы ғимараттан сәл әрірек оңтүстік VIP терминал орналасқан. Оның алдына қосымша тұрақ жасаймыз. Сонымен қатар пандус астында қосымша орындар да болады. Барлығы шамамен 1000-1100 қосымша тұрақ жасауды жоспарлап отырмыз. - деп қосты Альп Ер Тунга Ерсой.
Сәуір айында Альп Ер Тұнға Ерсой Алматы әуежайындағы көлік тұрағы мәселесі шілде-тамыз айларында шешіледі деп уәде берген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript