Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде "Қызыл кітапқа" енген құстарды қорғау мақсатында өтетін "Сұңқар" акциясы басталды

Елімізде "Қызыл кітапқа" енген құстарды қорғау мақсатында өтетін "Сұңқар" акциясы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 17:56 Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Қызыл кітапқа" енген құстарды қорғау мақсатында ұйымдастырылған шара 15 қазанға дейін жалғасады.

Оның мақсаты – аталмыш құстардың ұя салатын жерлерге қоныс аударуы кезінде Ителгілерді аулау және өткізуге мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алу. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.


"Жыл сайынғы табиғат қорғау акциясын "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары Орман шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізеді. Биыл бұл шараға 163 инспектор мен 79 бірлік техника жұмылдырылған. Құстардың шоғырланған аумақтарында облыстардың ПД-мен бірлесіп 9 блокпост орнатылды" - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқан жағдайда мүлкі тәркіленіп, он 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: