Шымкент тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді

Шымкент тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 16:38 Сурет: unsplash
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына 30 тамыз күні қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сәрсенбі күні мегаполисте дауылды ескерту жарияланған.

"30 тамызда таңертең және күндіз найзағай болады деп болжанды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с", - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дауылға қатысты "Қазгидрометтен" алған мәлімдемесінде.

27 тамыз күні Шымкентте бұршақ жауды. Мегаполис тұрғындары әлеуметтік желіде фото және видео бөлісіп жатты. Куәгерлердің айтуынша, Шымкентте мұндай ауа райы көптен бері болмаған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: