Жетісу облысында тойда 11 адам уланып қалды
Сурет: pexels
Жетісу облысындағы Қабанбай ауылының тұрғындары мейрамханадағы өткен тойдан соң жаппай ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еуразия" бірінші арнасы тілшілерінің хабарлауынша, тамақтан кейін 20 қонақтың халі нашарлаған. 11 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 9 адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Барлығынан инфекция анықталған, бірақ қандай түрі екені әлі белгісіз.
Мамандар тамақтандыру орнынан азық-түлік үлгілері мен шайындысын алып үлгерді.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметовтің айтуынша, тексеру барысында олар мейрамханадағы дайын тағамдарды да, үйде қолдан әзірленген тағамдарды да жегені анықталған.
"Қазір тергеу жүріп жатыр, материалдар аудандық ішкі істер бөліміне жіберіледі", – деді Ахметов.
Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Кінәлі деп танылғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript