Сібір жарасы: Ақмола облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің тасымалына шектеу қойылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2023 09:07 Фото: zakon.kz
Ақмола облысында сібір жарасының өршу фактісі тіркелді. Адамдар арасында тіркелген 10-нан астам жағдайға байланысты өңірден барлық ауылшаруашылық өнімдерін шығаруға шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, облыс тұрғындары арасында сібір жарасын жұқтырудың 12 жағдайы расталып, осыған байланысты ауқымды зерттеулер жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде өңірден өнім шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды 716kz.

"Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өңірден тыс тасымалына шектеу шаралары енгізілді. 536 келі ет өртеліп, жойылды. Ет аймақтан тыс ешқайда тасымалданбаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", делінген ведомство хабарламасында.

1 қыркүйекте Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында бірден 12 адамның сібір жарасын жұқтырғаны белгілі болды. Олар инфекция бөліміне жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: