Кастрация және өмір бойы бас бостандығынан айыру: ақтаулық экс сарбаз аппеляцияда жеңілді

Кастрация және өмір бойы бас бостандығынан айыру: ақтаулық экс сарбаз аппеляцияда жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 09:45 Сурет: Zakon.kz
Тамыздың басында қызын зорлағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылып, мәжбүрлі кастрацияға кесілген ақтаулық әскери қызметкер апелляциялық сот отырысында жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери сот тамыздың басында 11 жасар қызына зорлық көрсеткені үшін бірнеше бап бойынша сотталған бұрынғы сарбаздың аппеляциялық шағымын қарады. Сотталушының адвокаты Ажар Әбділдің айтуынша, сот үкімі өзгеріссіз қалған, шағым қаралған жоқ. Бұл туралы Lada жазды.

1 тамызда Астананың әскери соты 11 жасар қызын қорлағаны үшін ақтаулық бұрынғы әскери қызметкерді өмір бойы бас бостандығынан айыру және кастрациялау жазасына кескен.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 120-баптың 4-бөлігімен ("Кәмелетке толмағанды ​​зорлау"), 121-баптың 4-бөлігімен ("Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы күштеу әрекеті") және 124-баптың 3-бөлігімен ("Жас баланы азғыру") қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: