Жаңалықтар тізбегі
0

Тауда әдемі табиғатты суретке түсірмек болған жігіт биік ағаш басынан құлады

Оқыс оқиға, Риддер таулары, биік ағаш, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 12:49 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Риддер тауларында ағаштан құлап, зардап шеккен ер адамға құтқарушылар мен дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz

ШҚО ТЖД мәліметінше, Риддер қаласында бір топ дос жігіттер таулы-орманды жерге демалуға барған. Ер адамның бірі әдемі көріністі суретке түсіру үшін биік ағашқа өрмелеп шыққан. Алайда аяғы тайып кетіп, құлаған ол ауыр жарақат алды.

"Оқиға орнына куәгерлер жедел жәрдем дәрігерлері мен құтқарушыларды шақырды. Зардап шеккен адамға жету үшін ШҚО ТЖД 1-МӨСБ құтқарушылары мен дәрігерлеріне жетуі қиын жерлердің 30 шақырымын еңсеруге тура келді". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Жарақат алған адам табылғаннан кейін дәрігерлер 1981 жылы туған ер адамға алғашқы көмек көрсетті, 1-МӨСБ құтқарушылары оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады. Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

ШҚОТЖД мұндай жағдайларда мына шарттарды ескеруді ұсынады:

  • ешбір жағдайда ауа-райының қолайсыздығы мен қараңғыда тауға шықпаңыз;
  • бейтаныс жолдармен жүрмеңіз;
  • жол бағытын алдын ала жоспарлаңыз және жақын адамдарыңызға немесе құтқарушыларыңызға қайту уақытын хабарлаңыз;
  • тауға жалғыз шықпаңыз;
  • зарядталған телефонды, алғашқы көмек жинағын өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
  • төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: