Жетісу облысында балықшы өзен жағасындағы биік жартастан құлап кетті
Сурет: Жетісу облысы ТЖД
13 қазанда кешке балықшы өзен жағасындағы биік жартастан құлап кетті. Жетісу облысының құтқарушылары ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 13 қазанда сағат 18:20-да құтқарушыларға Алакөл ауданынан Ырғайты өзенінің жағасында адам жартастан құлағаны, жардан өз бетімен шыға алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балық аулау кезінде балықшы абайсызда биік жартастан құлап, арқасын жарақаттап алғанын анықтады. Соның салдарынан ол қозғала алмай қалған. Куәгерлер зардап шеккен адамды жағаға шығарып, "112" нөміріне қоңырау шалды. Жедел жәрдем экипажына ер адамды табыстау үшін құтқарушылар оны зембілге салып алып, тау-тасты жерді жаяу жүріп өтуге мәжбүр болды". Жетісу облысы ТЖД
Сурет: Жетісу облысы ТЖД
Зардап шеккен балықшы Алакөл аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript