Астанаға Түркиядан қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны келді

Құтқарушылар Түркиядан қайтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 09:19 Сурет: ҚР ТЖМ
Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында жұмыс істеген құтқарушылар мен дәрігерлер Астанаға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордаға келгендерді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи қарсы алды.


Сурет: ҚР ТЖМ


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 88 адамның мәйітін шығарып, 7 жараны алып шықты.

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Түркияның аймақтарына алғашқылардың бірі болып қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жетті. 15 ақпанда Сирияға Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ келді.


Сурет: ҚР ТЖМ


Қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны 18 ақпан күні кешке Алматыға оралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: