Екібастұзда сауда үйі өртенді

Өрт, Екібастұз, сауда үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 11:01 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Екібастұзда MAXI MALL сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы хабарлама шұғыл байланыс желісіне 10 қыркүйекте сағат 08:00-де келіп түскен. 

"Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 30 адам дереу аттанды. Үшінші қабатта балалар киімдері мен ойыншықтар сататын бутиктің 50 шаршы метр, сондай-ақ әйелдер іш киімдерін сататын бутиктің 7 шаршы метр аумағы өртенгені анықталды. Жалпы қызыл жалын 57 шаршы метр аумаққа тараған".  Павлодар облысы ТЖД

Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сағат 09:08-де өрт сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі анықталу үстінде. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: