Алматы полициясы көліктерге заңсыз жарнама жапсырған жүргізушілерді анықтап жатыр
Сурет: unsplash
Алматы полициясы көліктерге заңсыз жарнама орнатқан жүргізушілерді анықтап жатқанын мәлімдеді.
Полицейлердің ақпаратынша, кейінгі уақытта такси режимінде жолаушыларды тасымалдайтын заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзу деректері жиілеп кеткен.
"Қазіржергілікті полиция қызметі басқармасының алдыңғы саптағы бөлімшелері жарнамалық құрылымдарды, лайтбокстарды, электронды панноларды, плоттер мен стикерлік жарнаманы орнатуға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр", - делінген Алматы полициясының Polisia.kz-тегі хабарламасында.
Бұрын хабарланғандай, оларды орнату және көлік құралының борттық желісіне қосу көбіне ҚР СТ 31306 “Автокөлік құралдары. Сыртқы беттерде жарнаманы орнату”, ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және басқа да техникалық талаптар сақталмай жүзеге асады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript