Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 17 букмекер кеңсесі лицензиясын тапсырды

Елімізде 17 букмекер кеңсесі лицензиясын тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 15:12 Сурет: unsplash
ҚР Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекер кеңсесі өз еркімен лицензиясын тапсырған. Сонымен қатар 2023 жылдың басынан 6 букмекер кеңсесі өз еркімен жұмысын тоқтатты.

Министрлік бұдан бөлек ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын сот тәртібімен алу бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтты. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматы залы қызметін тоқтатты. Қазір екі букмекер кеңсесінің лицензиясын алып қою үшін жұмыс істеліп жатыр.

Сонымен қатар министрлік қазір ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатқанын хабарлады.


"Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді. Оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар. Олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі болып жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі", – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: