Астанада күтуші мен оның көңілдесі кішкентай баланы ұрып өлтірген

Астана қаласының прокуратурасы, бала өлімі, бала күтушісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 12:28 Сурет: Zakon.kz
Астанада кішкентай бала күтуші мен оның көңілдесінің қолынан қаза тапты. Сот кінәлілерді 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, бала 2022 жылы қаза болған. Оны күтушісі мен оның көңілдесі ұрып-соққан, соның салдарынан бала көз жұмған.

Жедел-тергеу тобы құрылып, жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл адамдардың кінәлі екенін дәлелдеп, бұлтартпас айғақтар келтірді, олар 17 және 23 жылға сотталды".Астана қаласы прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: