Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында көлік тізгіндеп, балаларды қаққан жасөспірім ісі: Полицияға да айып тағылуда

Жедел жәрдем, Алматы облысы, оқушыларды қаққан жасөспірім, Нарынқол ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 00:26 Сурет: pixabay
21 қыркүйекте 10-сынып оқушысы тізгіндеген көлік бар жылдамдығымен бес оқушы қызды қағып кетті. Нарынқол ауылының тұрғындары бұл қайғылы оқиғаға жасөспірім ғана емес, сонымен қатар жол қауіпсізідігіне немқұрайлы қарайтын тәртіп сақшылары да кінәлі деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, Нарынқолда жас бала көлікпен қаққан қыздардың үшеуі ауыр халде жатыр. Қазір олардың бәрі Алматы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал біреуін кеше ғана жедел жәрдем көлігімен Алматыға алып келген. Ес-түссіз жатқан баланың жағдайын дәрігерлер ауыр бағалап, көп қан жоғалтқан деп отыр.  

"Көлікті жылжытып, қызымызды шығарып алдық. Ауыр соққы алған, іш-құрылысынан қан кетіп, гематома болған. Полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ оқушыларды қадағалап, дұрыс жұмыс істеуін талап етемін", – деді Дамираның анасы Роза Нақысбек.

Сау-тамтығы қалмаған машинаға қарап, соққының ауыр болғанын бағамдауға болады. Оқиға болған көшеде дөңгелек іздері қалған. Куәгерлер де көліктің көз ілеспес жылдамдықпен келгенін айтты. Жұрттың жағасын ұстатып, алты адамды қаққан көлік қарама-қарсы шыққан велосипедтен қашамын деп, оқушыларға қарай рөлін бұрған.

"Бүгін бесінші күн болды, қыздардың аман-есен сауығып кетуін тілеп отырмыз. Екі Аяла, Еңлік, Аяжан, Дамирадан кешірім сұраймыз. Інім мені, мен оны қорғамаймын. Ол заң алдында жауап беруге дайын. Ініме де оңай болып жатқан жоқ. Қазір сол сәт есіне түссе, қайта-қайта жылайды", – деді баланың ағасы Әлібек Күзімбеков.

Ал ауыл адамдары кінәлі деген 15 жастағы баланы психологтар бақылап отыр. Жақындарының айтуынша, ата-анасы жоқ, қазір ағаларының қамқорлығында екен.

Ауыл халқы елдімекенде есі кеткенше қатты жүріп, тәртіп бұзатын жастардың да барын жасырмады. Сол себепті жергілікті полицейдің де жұмысын сынға алып отыр. Ал болар іс болып, бояуы сіңген соң ғана облыстық полиция қызметкерлері тәртіпке ден қоя бастаған.

"Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексеру тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен, барлық ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік наряд күшейтілді", – деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.


"Зардап шеккен қыздардың жағдайы ауыр. Оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Нарынқолдан шамамен төрт-бес сағаттай жол жүріп келген қыздың жағдайы ауыр болды, өміріне қаупті болған. Қазір жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Өздігінен тыныстап жатыр", – деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Рақым Ахан.

Ойда жоқта басы бәлеге қалған бала үйінде отыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал көлік айыптұрақта тұр. Қазір бүкіл ауыл 6 баланың аман қалуын тілеп отыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: