Жетісу облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жетісу облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 18:01 Сурет: Zakon.kz
Кербұлақ аудандық полициясы өз ұлын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте Кербұлақ ауданында, алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

"Ұсталған азамат - жәбірленушінің туған әкесі. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан басында алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: