Алматы облысында 11-сынып оқушысы мотоциклмен апатқа ұшырады

Алматы облысы, Қарасай ауданы, оқушы өлімі, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 09:48 Сурет: unsplash
Алматы облысында Қарасай ауданындағы Қошмамбет ауылы мен Шамалған стансасы арасындағы тас жолда мектеп оқушысы қаза тапты. Жол-көлік апатына ұшыраған оқушы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ол қосымша сабақтан шығып, Қошмамбет ауылындағы үйіне қарай бет алған. Шамамен сағат 17:00-де Шамалған станциясынан келе жатып, ол мотоциклімен Toyota Camry көлігіне соғылып, ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапқан.

Баланың есімі Ибраһим екені мәлім болды, ол жергілікті мектептің 11-сыныбында оқыған. Тұрғындардың айтуынша,тас жолдың осы бөлігінде жол-көлік апаты жиі болады.

Zakon.kz тілшісі ресми түсініктеме алу үшін Алматы облыстық полиция департаментіне хабарласқанымен, әлі жауап келген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: