Алматыда әскери жүк көлігі мопедті қағып, 17 жасар бозбала мерт болды

Әскери КАМАЗ, жол апаты, Алматы, мопед, 17 жасар бозбала, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 19:19 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 61 993 десанттық-шабуылдау бөлімінің маңында жол апаты болды. Соқтығысу салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның қасындағы жолаушысы ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери КАМАЗ жүргізушісі Красногорская көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Онымен бір бағыттағы жолақта артына жолаушы мінгестірген мопед жүргізушісі қатар жүрген. 

Әскери бөлімнің территориясындағы шлагбаумға жақындаған КАМАЗ жүргізушісі әскери бөлімге қарай бұрыла бастайды.

Шамасы, ол өзімен қатар бір бағытта келе жатқан мопедті байқамаған секілді. Соқтығысу салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, оның жанындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Алматы қаласының полиция департаменті жол апаты сағат 15:45-те болғанын нақтылады. КАМАЗ тізгінінде 1990 жылғы ер адам, ал мопед тізгінінде 17 жасар жігіт болған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша бірыңғай тіркеу тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.


Сурет: Zakon.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: