Павлодарда жылу беру желісінде апат болып, көшеде ыстық су атқылады

Төтенше жағдай, Павлодар, жылу беру желісі, апат, құбырдың жарылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 21:27 Сурет: Zakon.kz
Апат орын алған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, жылу беру желісіндегі апат сорғы стансасы іске қосылған кезде орын алған, сондай-ақ Мүткенов көшесінде атқылап жатқан ыстық субұрқақтың жоғары температурасы 65 градусты құрайды.

"Павлодарэнерго" АҚ бұл ақпаратты растады.

"Диаметрі 400 мм тоқсандық жылу желісінің зақымдануы №4 сорғы станциясын іске қосу кезінде пайда болды. Коммуналдық қызметтер апаттық учаскеде су беруді тоқтатты. Жөндеу бригадалары зақымдалған жерде жұмыс істеуде", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: