Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзендегі жарылыс: Тәуелсіз сараптама нәтижесі белгілі болды

Жаңаөзендегі жарылыс, тәуелсіз сараптама, нәтиже, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 21:34 Сурет: Маңғыстаау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жаңаөзенде тәуелсіз сараптаманың нәтижелері жарияланды. Бұл - 17 сәуірге қараған түні тұрғын үйде болған жарылыстың себебін анықтауға бағытталған мамандардың төртінші сараптамасы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіз мамандардың зерттеу нәтижелерімен зардап шеккендер мен олардың туыстары бөлісті. Қайғылы жағдайда қаза тапқандардың бірінің туысы Нұрлан Исатаевтың айтуынша, сарапшылар жарылысқа тұрғын үйден 25 метр қашықтықтағы құбырдан газдың сыртқа таралуы себеп деген қорытындыға келген, деп жазады Лада.

"№7 пәтердің санитарлық торабында және жертөледе НКПВ – ВКПВ шегінде табиғи газдың шоғырлануына тұрғын үйден 25 метр қашықтықтағы бұзылыс нүктесінде орташа қысымды газ құбырынан газдың шығуы салдарынан болуы мүмкін", делінген астаналық мамандардың зерттеу нәтижелерінде.

Бұған дейін Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов өз сұқбатында "газ құбырының жарылысқа ешқандай қатысы жоқ" деген мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар екенін айтқан. 

Жаңаөзенде 17 сәуірге қараған түні тұрғын үйінде жарылыс болып, 13 адам зардап шекті. Төрт адам қаза тапты. Бұған дейін арнайы комиссия Жаңаөзендегі жарылысқа көрші пәтердің иесінің кінәсі бар деген алдын ала деректер келтірген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: