Жаңаөзендегі қираған үй орны әуеден видеоға түсірілді

Жаңаөзендегі опырылған үй орны әуеден видеоға түсірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 15:16 Сурет: видеодан скриншот
Қазір Жаңаөзенде жарылыс болған көпқабатты үйде үйінділерді ақтарып, тазалап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау-медиа" Telegram каналы дронмен түсірілген видео жариялады. Онда Жаңаөзендегі қираған үй әуеден көрсетілген.


17 сәуірде таңертең Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданындағы көпқабатты үйде газ жарылған. Жарылыстан кіреберіс құлаған. Опырылған аумақ - 150 шаршы метр.

Кейінгі мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.

Жарылыс фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: