Шымкентте жасөспірім вагонға шығып, тоққа соғылды

 Шымкентте жасөспірім вагонға шығып, тоққа соғылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 12:37 Сурет: gov.kz
Шымкентте жасөспірім вагонға шыққан. Оны тоқ соғып, денесін күйік шалды. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қазан күні сағат 21:25-те Төтенше жағдайлар департаментіне "103" қызметінен Тұран ауданы, Тургенев көшесінде Қорғасын вокзалының маңында 2008 жылы туған жасөспірім вагонға шығып, электр тогынан күйік алғаны туралы хабарлама түсті.

"Жасөспірім денесі 2-дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны қатты күйік алған. Ол селфи жасау үшін пойыздың вагон-цистернасына көтерілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: