Жаңалықтар тізбегі
0

Емізігін жұтып қойған: Жамбыл облысында дәрігерлер 9 айлық баланы аман алып қалды

Емізік, Жамбыл облысы, дәрігерлер, 9 айлық бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 19:37 Сурет: Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Жамбыл облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігерлері тоғыз айлық баланың ішегінен емізік алып шықты. Бөтен зат баланың ішкі-құрылысында бірнеше күн болған. Дәрігерлер де бала ішіндегі емізікті бірден анықтай қоймаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлап, басынан жарақат алған. Біршама уақыттан кейін нәрестеде лоқсу, көпреттік құсу пайда болып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шағымдарды ескере отырып, 9 айлық баланы бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызады. Бірақ қаншама ем-дом жүргізілсе де, нәрестеден өзгерістер байқала қоймаған соң, оны жедел түрде хирургтар да қарап, арнайы инструментальды зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде нәрестеге "Жедел ішек өтімсіздігі" диагнозы қойылады.

"Себебі, дәрігерлер баланың ойнап жүріп, аузына емізігін (соска) салып, жұтып қойғанын анықтаған. Сөйтіп, шұғыл түрде нәрестенің құрсақ қуысына ота жасалады. Хирургиялық араласуды ота бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Дүйсебаев, Дәурен Бағыбаев және анестезиолог Еркін Тұраров жасады". Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Операциядан кейінгі алғашқы тәулікте жансақтау бөлімінде болып, қазіргі уақытта ота бөлімшесінде ем қабылдауда. Білікті дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында бүгінде нәрестенің жағдайы жақсы. Нәрестенің ата-анасы ақ халатты абзал жандарға ерекше ризашылығын білдіруде. Дәрігерлер осындай жағдай орын алған жағдайда, уақыт жоғалтпай, бірден емдеу мекемесіне алып бару керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ, балаларға жұтып қою мүмкіндігі бар заттарды бермеуге, ұсақ-түйек заттармен оларды ойнатпауға және назарда ұстауға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: