OLX.kz сайтынан есірткі саудагерлерін жұмысқа шақыратын үш мың жарнама жойылды
Сурет: freepik
Ішкі істер министрлігі есірткі сатушыларды жұмысқа тартатын жасырын жарнамалар тарағанын мәлімдеді. Полицейлер OLX.kz агрегаторында осындай 3 мыңға жуық жарнама жарияланғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілер мен интернет-сервистерде курьерлік жұмыс ұсынып немесе жалдамалы жұмысшылар қызметін қажет ететін хабарландырулардың артында кей жағдайда есірткі бизнесі тұратыны белгілі, деп жазды ҚР ІІМ-нің ресми сайты.
"Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан астам жасырын хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. ІІМ мемлекеттік органдардың, OLX Group өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады", – деп түсіндірді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
Жарнамалық агрегаторларды бақылаумен қатар, полиция есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін Интернетті бақылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript