Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен балалы келіншек үйіне оралды
Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Көкшетауда полицейлер мен еріктілер баласымен қоса жоғалып кеткен әйелді іздестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық полиция департаменті әйел үйіне оралғанын мәлімдеді.
19 қазан күні полицияға 39 жастағы ер адамнан арыз түскен. Ол әйелі Ирина Кондратова жоғалып кеткенін хабарлаған.
Оның айтуынша, 17 қазан күні кешке әйел кішкентай ұлымен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен, сол күннен бері одан еш хабар-ошар болмаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript