Жаңалықтар тізбегі
0

Аягөзде төрт бала үйінде түтінге тұншығып, қаза тапты

Аягөзде түтіннің кесірінен төрт бала қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 09:24 Сурет: Zakon.kz
Бір күн бұрын Абай облысындағы Аягөз қаласында балалар көмірқышқыл газынан уланған, олардың үлкені сегіз жаста. Ең кіші екеуі үш және екі жаста еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қазан күні таңертең көпбалалы отбасының жеке үйінен өрт шыққан. Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 10:49-да Абай облысы Төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне қоңырау түскен. Қоңырау шалушы қаладағы Барақ батыр көшесі бойындағы жеке үйлердің бірінен қалың түтінді байқағанын айтқан.

Оқиға орнына 6 адамнан тұратын өрт сөндіру және құтқару тобы келді. Олар жатын бөлмеде жиһаз бен тұрғындардың жеке заттары жанып жатқанын анықтаған. Барлығы 20 шаршы метрге жуық аумақты жалын шарпыған. 11.24-те өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады.

Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор ең әуелі үйдің барлық ішкі кеңістігін тексеріп, кәмелетке толмаған төрт баланың денесін тапқан. Олар Аягөз мектеп-интернатының оқушылары - 8 жасар ағасы мен әпкесі, олардың 2 және 3 жасар інілері болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Дегенмен қазір балалардың өлімінің шынайы себебін, жеке үйдің жатын бөлмесіндегі өрттің себебін анықтауға мүмкіндік беретін тиісті сараптама тағайындалды.

Қайтыс болған балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі, ал анасы үй шаруасындағы әйел екені белгілі болды. Әйел таңертең базарға шығып, балаларын үйде жалғыз қалдырған. Аталған факті бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Іс аудан прокуратурасының ерекше бақылауында.

Аягөз қаласының жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен көпбалалы отбасына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы жарияланды.

Бұған дейін Петропавлда көпқабатты үйдегі өрт салдарынан үш жасар баланың қаза тапқаны хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: