Жүргізушілерге Алматы жолдарында көктайғақ болатыны ескертілді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда көктайғақ болжанды. Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, Алматыда 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, ол қарға ұласады.
"Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады. Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыру ұсынылады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының 30 қазандағы хабарламасында айтылғандай, көлік иелері мүмкіндігінше қаладағы көлік қозғалысын шектеуі қажет.
"Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты сақтап, апат қаупін ескере отырып, кенет әрекет жасаудан аулақ болуы керек".Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметі
Жаяу жүргіншілер де көктайғаққа байланысты абай болуы керек.
Сонымен қатар мұзды жинауға 10 мердігер ұйым, 818 техника және 1240 жол жұмысшысы жұмылғаны айтылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалды.
Бұған дейін синоптиктер 30 қазанда Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript