Алматыда есірткі тасымалдаушылардың жолын кесуге бағытталған ауқымды операция өтті
Сурет: polisia.kz
Арнайы операция Алматыға кіре берісте өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетіне ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ, кинология қызметі және "Буран-278" патрульдік экипажындағы қызметкерлер қатысқан.
"Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында Toyota Camry көлігі тоқтатылды. Көлік ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданының екі тұрғыны болды. Автокөлікті тінту барысында әрқайсысының салмағы 24 келі болатын 7 қорап табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісті жасыл түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламдары болды".Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов
Полицция қызметкерінің айтуынша, сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 151 келі 328 грамм болатын гашиш есірткі екені расталды.
"Айыпталушылар қамауға алынды. Олар біздің жедел бөлімшелер қызметкерлері бірнеше ай бойы зерттеген есірткі тізбегінің бір буыны саналады".Дидар Аханов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript