Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция мен ҰҚК қызметкерлері ауқымды операция жүргізді

Жетісу облысы, броконьер, ҚР ҰҚК, заңсыз балық аулау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 14:16 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында браконьерлер тобын залалсыздандыру бойынша ауқымды арнайы операция өтті. Бұл жөнінде 2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан ақпарат бойынша, Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Балқаш көлінде заңсыз балық аулап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"Топтың құрамына Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындарынан тұратын 30-дан астам адам кірген. Олардың әрбірінің өз рөлі болған: ұйымдастырушылар, браконьерлер, тасымалдаушылар және сатып алушылар", – делінген хабарламада.

Шамамен 20 тінту іс-шарасы жүргізілді:

  • 51 тоннадан астам балық;
  • 38 атыс және травматикалық қару, олардың 15-і тіркелмеген;
  • 450-ден астам оқ-дәрі;
  • ірі көлемдегі қаражат, діни әдебиет;
  • 11 мотор қайығы;
  • ұзындығы 80 метрден 120 метрге дейін жететін 210 балық аулайтын ау тәркіленді.

Келтірілген шығын шамамен 270 млн теңгеден асады.

"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша қылмыстық топтың барлық қатысушысы полицияға жеткізіліп, олардың төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс

Оның сөзінше, адамдар тобының ірі көлемде шығын келтіре отырып, заңсыз балық аулау мен қару сақтау фактілері бойынша тергеуді Жетісу облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуіп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: