Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда таудағы бірнеше тұрғын үй мен клуб үйлер сүріледі

Алматыда таудағы бірнеше тұрғын үй мен клуб үйлер сүріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 10:45 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі соттың шешімімен мегаполис тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтады.

Бұл ретте, 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді:

1. "Pain Hill" клуб үйі,

Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.

2. "Швейцария" ТҮК,

Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.

3. Тұрғын үй құрылысы,

Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.

4. Тұрғын үй құрылысы,

Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1

5. Клуб үйдің құрылысы,

Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554

6. "Domino Life" клуб үйі,

Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308

7. "Pine Hill Residence" клуб үйі,

Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.

8. Тұрғын үй құрылысы,

Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4

9. Тау бөктерін кесу,

Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.

10. Тірек қабырғаның құрылысы

Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207

11. "Граф" ТҮК,

Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.

12. "Люксембург" ТҮК,

Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.

13. КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.

14. Тұрғын үй құрылысы,

Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46

15. "Rich" клуб үйі,

Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.

16. Бақша үйлері,

Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556

17. Клуб үйдің құрылысы,

Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5

18. Тірек қабырға,

Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А

19. "Француз үйі" ТҮК,

Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.

20. "KHAN" клуб үйі,

Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.

Қалған 23 нысан бойынша қазір сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты талап-арыз жазуға бастама көтерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: