Бишімбаевтың әйелі туған жерінде жерленетін болды
Сурет: pxhere
Елордадағы мейрамханалардың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан жас әйелдің өлімі қазақстандықтарды елең еткізді. Оның күйеуі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айтбек Амангелді Instagram желісіндегі stories арқылы Салтанат Нүкенованың жаназасы 11 қараша күні Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте шығарылатынын хабарлады.
Сурет: Instagram/aitym
2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
Қайғылы оқиға елордадағы Bau мейрамханасында болды.
10 қарашада Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript