Шымкентте 16 жасар бала скутермен апатқа ұшырап, қаза тапты

Шымкент, скутер, кәмелет жасқа толмаған жүргізуші, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 15:47 Сурет: polisia.kz
Шымкентте 9 қараша күні 16 жастағы скутер жүргізушісі жол апатына ұшырап, қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қарашада Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Скутерді кәмелетке толмаған бала жүргізіп келе жатқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: