Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2,1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды сатып алу желеуімен ақша жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеуді ҚМА аумақтық департаменті жүргізіп жатыр.
Медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген.
"2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Күдіктілерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", деді – ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript