Астанада аялдама әйнегін әдейілеп шаққан ер адам ұсталды

Астана, аялдама әйнегі, вандал, вандализм, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 13:47 Сурет: Zakon.kz
Елордада мас жігіт Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан аялдама павильонының әйнегін теуіп сындырды. Оның бұл әрекетін досы камераға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, таңертеңгі сағат төрт шамасында үш дос ойын-сауық орнынан шыққан. Үйіне қайтып бара жатқанда, олардың бірі мас күйінде Республика даңғылындағы аялдаманың әйнегін сындырған. Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Құқық қорғау органдары кінәні толық мойындаған құқық бұзушыларды тапты.

Бұл факт  ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен ("бұзақылық") тіркелді.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: