Астанада аялдама әйнегін шаққан жасөспірім табылып, жазаға тартылды

Әйнек, шағу, Астана, аялдама, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 18:42 Сурет: Zakon.kz
Астанада Бөгенбай батыр даңғылында аялдама павильонының әйнегін шағу фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде жасөспірімнің кешкі уақытта танысымен бірге аялдамада болғаны анықталды. Оқиға орнынан кетер кезде ол павильон әйнегін аяғымен теуіп, шаққан. Кейін танысымен бірге маршруттық автобусқа отырып кете барған.

"Аталған факті бойынша жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Полиция азаматтарға аялдама павильондары мен қалалық инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді. Мұндай мүлікті қасақана зақымдау заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушылықтар, оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы, мұқият тексеріледі. Құқық бұзушылардың жеке басы анықталып, заң аясында шаралар қабылданады". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты Астанадағы сот отырысында адвокаттың сұрағы дау тудырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: