Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда 100 миллион теңгенің ұрлығын жасаған күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды

Қостанай, трансформаторлық қосалқы станциялар, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 21:48 Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтар ұрлап жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Гастролерлер" екі апта бойы Қостанайдың трансформаторлық қосалқы станцияларынан қымбат жабдықтарды ұрлаумен болған.

Соңғы рет олар қосалқы станциядан 4 блок-модульдік релелік қорғанысты ұрламақ болған. Мұндай бір қорғаныстың құны – 2,5 млн теңге

"Юбилейный" шағын ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциялардың бірінің жанынан өтіп бара жатып, арнайы киім киіп, станцияға кірген екі жігітті байқадым. Оларды тексеруді ойладым, өйткені бұрын ұрлық жөнінде арыздар түскен. Қосалқы станцияға жақындаған кезде мен құлыптың бұзылғанын көріп, бірден көмек шақырдым. Екі жігіт шығуға дайындалып жатқанда, біз оларды әріптестерімізбен қоршап алдық. Бізді көргенде олар жасырынуға тырысты. Бірақ біз оларды самбоның жауынгерлік әдістерін қолданып, ұстадық", – деді жедел уәкіл Бауыржан Өтеутілеу.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық істер қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының Ақкөл ауылының 20 жастағы екі тұрғыны іс бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленді. Барлық дерек бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: